Жедел симптомдық ауру пайда болса, дәргерге көрінген жөн - маман кеңесі

el.kz
el.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарашада алдыңғы айлармен салыстырғанда коронавирус жұқтыру дерегі аптасына 453-тен 725-ке дейін өсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денсаулық сақтау вице-министрі ел азаматтары үй жағдайында емделіп жатқанын айтты.

«Қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігінің айтуышы, соңғы айлармен салыстырғанда коронавирус инфекциясы 1,6 есеге өскен. Мұның басты себебінің бірі – қайтадан айналып келіп жатқан коронавиус инфекциясы штамдарының бірі. Халыққа иммундық жүйенің толық қалыпқа келмеуіне байланысты соққы болды. Қосымша айта кетерлігі, маусымдық тұмау және ЖРВИ ауруының бір мерзілге келуі. Егер науқастардың бірінде жедел симптомдық ауру пайда болса, олар жедел ауруханаға шағыммен келіп, ПТР тест тапсырып, тіркеліп, ем алуына рұқсат етіледі», – деді жалпы тәжірибелік дәрігер Рауан Нұркенов.

Коронавирустан басқа да инфекцияның кең қарқын алғанын байқап отырмыз. Тұмаудың өзін жұртшылық қиын еңсеріп жатыр.

«Маусымдық ЖРВИ және тұмау ауруларының өзі коронавирус инфекциясымен араласып кетті. Өзіміз жылда ауыратын маусымдық тұмаудың өзі коронавирус тектес немесе коронавирус тұмау тектес болып кездесуі өте жиі кездесіп отыр. Осы бағыт бойынша науқастарға айқындау-бейнелеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл аурудың алдын алу үшін әлеуметтік орындарда қашықтық сақтау, жеке медициналық маскаларды тағу және жеке бас гигенасы, жылы киіну болып табылады», – деді Рауан Нұркенов.

Новости партнеров