Алматы: COVID-19 жұқтырған 2 адамның және 1 баланың хәлі орташа ауыр

www.rbc.ua
www.rbc.ua
Бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 22 науқас бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында тағы 2 адамнан короновирус табылды деп хабарлады Almaty.tv.

Екі науқас бұған дейін індет жұқтырғандармен байланыста болған. Олардың бәрі стационарлық карантинде ем алып жатыр.  Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

«Короновирус инвекциясын анықтау және емдеу протоколына сәйкес ем-дом шаралары басталды. Екі науқастың  да жағдайы қанағаттанарлық. Бүгінгі таңда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 22 науқас бар. Ал балалар жұқпалы ауруханасында екі бала және ауру жұқтырған бір ана бар», – деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.

Тілеухан Әбілдаевтің сөзінше, жоғарыда айтылған науқастардың ішінде 2 адамның және 1 баланың хәлі орташа ауыр. Қалғандарының жағдайы бірқалыпты. Барлығы қалада, станционарлық оқшаулауда 660 азамат, ал үй карантинінде 1462 адам бар.

«Карантиндік стационарларда 778 адам бар. Карантинге оқшауланған барлық азаматтардың дене қызуы қалыпты жағдайда. Катаралдық ауытқулары жоқ», – деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.

Естеріңізге салайық, әлемді жайлаған жаңа вирустан қорғанудың ең тиімді жолы – халық көп жиналатын орындарға бармай, мүкіндігінше отбасымен үйде отыру.

Новости партнеров