Коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті
Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл аймаққа» кірді. Онда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір стационарларда 5 мыңнан аса науқас ем қабылдап жатыр. Өңірде 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш шамамен 940 жағдайды көрсетті. Ал республика көлемінде орташа көрсеткіш 650-ді құрайды. Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 602 адам індет жұқтырған. Елімізде қызыл аймақта Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
«Егер аймақтарға бөліп қарастыратын болсақ, бүгінде СҚО қызыл аймақта орналасқан. Репродуктивті сан - 1,19, ал халықтың 100 мыңына шаққандағы көрсеткіші 59,3 пайызды құрайды. Біз қызыл аймаққа кірдік», – деді Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсет Жұматаев.