Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты - Жайдаркүл Отарбекова

08.12.2022 01:12

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 175 адам тіркелді

kapital.kz

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 175 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың көпшілігі Астана қаласының тұрғындары. Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның айтуынша, қалада көрсеткіш күннен күнге өсіп барады. Ал Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

«Алматы қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. ҚР Министрлігінің бақылау матрицасы бойынша қала жасыл аймақта. Өткен тәулікте коронавирус жұқпасының 25 жағдайы тіркелген. 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 8.7-ден 9.2-ге дейін өсті», – деді  Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Жайдаркүл Отарбекова

Қаланың  медициналық орталықтарында коронавируске қарсы екпе жүргізіліп жатыр. Әр тұрғын өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша, медециналық ұйымға барып вакцина ала алады. Бүгінгі күні қолданыста КазВАК, Каз КовидИН, Веросел және Файзер вакцинасы бар.

«Алматы жасыл аймақта орналасқандықтан, қазір шектеу шараларын енгізу жоспарланып отырған жоқ. Маскалық режим көпшілік шоғырланған жерлерде ғана тағу міндетті. Мәселен, емханаларда сонымен қатар, сауда орындарында тағуға болады. Көпшілік жерлерде сақтық шарасын сақтауды ескеруін сұраймыз», – деді Жайдаркүл Отарбекова.