Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген қаржы қалай жұмсалуда

azh.kz
azh.kz
Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов түсіндіріп берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген миллиардтаған қаржы неге жұмсалуда? Мұны рет-ретімен Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов түсіндіріп берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Вице-министрдің айтуынша, қаражат жеке қорғану және дезинфекциялық заттарға, азаматтарымызды Қытайдан Қазақстанға эвакуациялауға бағытталған.

«Коронавирус инфекциясының таралмауына бағытталған шараларға және әлеуметтік маңызды азық-түлікті сатып алуға 39,1 миллиард теңге бөлінді. Олардың 23,4 миллиард теңгесі эпидемиологияға қарсы шараларға жұмсалды. Мәселен, бұл сомаға жеке қорғану заттары, дезинфекциялық заттар, дәрі-дәрмек, коронавирусты анықтауға қажетті тепловизорлар, зертханалық құрал-жабдық пен тест-жүйелер сатып алынды. Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарын Қытайдан эвакуациялауға бағытталды», – деді ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік ШОЛПАНҚҰЛОВ.

Сондай-ақ, вице-министр өңірлерге мақсатты трансферттермен бетперделер мен дезинфекциялық заттарды, дәрі-дәрмекті сатып алуға 11,5 триллион теңге бөлінгенін де жеткізді. Олардың 30 пайызы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына бағытталған.

Новости партнеров