Испанияда індеттің таралуы бәсеңдеп келеді
Испания карантин режимін біртіндеп жеңілдетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Жедел штабына сілтеме жасап.
Жедел штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен тәулікте бұл елде коронавирус инфекциясынан тағы 440 науқас қайтыс болды, бұл одан алдыңғы тәулікте қайтыс болғандардың санынан көп. Тағы 4 635 адамның вирусты жұқтырғаны анықталды. Жалпы алғанда, Испаниядағы коронавирустан көз жұмғандар саны 22 мың адамнан асты. Дегенмен, Испанияда індеттің таралуы бәсеңдеп келеді. Ел Үкіметі карантин режимін мамыр айының ортасынан бастап босатуды жоспарлап отыр.
14 жасқа толмаған балаларға осы жексенбі күні далаға серуендеуге шығуға рұқсат етіледі. Бұған дейін оларға үйден шығуға тыйым салынған болатын.