Кешегі күннен бері мегаполисте коронавирус жұқтырған 78 адам тіркелген

24.04.2020 в 01:21

88 адам сауығып емдеуден шығарылған

Кешегі күні мегаполисте жаңадан 54, бүгінгі күні 24 жағдай анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның ішінде Орталық қалалық аурухананың карантиндегі 22 медицина қызметкері, №1 Қалалық клиникалық аурухананың провизорлық стационарының 2 қызметкері, Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының 10 қызметкері, 4 медициналық жедел жәрдем қызметінің 4 қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 40 адам бар.

Жалпы Алматыда коронавирустық инфекция жұқтырудың расталған 756 жағдайы тіркелді.

88 адам сауығып емдеуден шығарылған.

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциядан Алматы облысынан әйел адамды – пациентті есепке ала отырып, 663 пациент емделуде.

Екі адамның жай-күйі – өте ауыр, 24 адамда – ауыр, 198 пациентте ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалған науқастарда – қанағаттанарлық.

Провизорлық орталықтарда 440 адам, оның ішінде 15-і бала, карантиндік оқшаулауда – 421 (5 бала), үй карантинінде – 10 093 азамат бар.