Қорғаныс министрлігі барлық жеке құрам жуу және дезинфекциялау құралдарымен, сондай-ақ жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген
Кеселдің жолын кесу үшін еліміздің барлық құрылымдық күштері жұмылдырылған, деп хабарлады Almaty.tv.
Мәселен, коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында Қарулы Күштердегі биологиялық қорғау бөлімшелерінің әскери қызметкерлері де қаладағы нысандарды залалсыздандыру іс-шараларына қатысып, Нұр-Сұлтан мен Алматы шаһарларының адам көп жүретін жерлеріне барынша дезинфекция жасап жатыр.
«Қазіргі таңда жергілікті аумақта санитариялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. ЖГК-1 арнайы құралдарын, «Рубеж» ерітіндісімен пайдаланады. Бұл ерітіндінің ұзақтығы 5-тен 1 сағатқа дейін созылады. Тұрғындарға ешқандай әсері жоқ. Жұртшылық та түсіністік танытып жатыр», – деді ҚР ҚК 03-811 Әскери бөлімінің радияциялық, химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімінің бастығы Ермек НЫСАНБЕК.
Сонымен қатар, қорғаныс министрлігі барлық жеке құрам жуу және дезинфекциялау құралдарымен, сондай-ақ жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, Қорғаныс министрлігінің əскери қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақыларын коронавируспен күресу үшін құрылған қорға аударған болатын.