Ресейден Алматыға жеткізілген вакцина қала емханаларына таратылды

02.02.2021 01:25

Екпе жасайтын 91 маман дайындалған

Ресейден жеткізілген екпе қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының орталық қоймасына жеткізілгеннен кейін олар бекітілген тізіммен қала емханаларына таратылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екпені тасымалдау үшін арнайы термоконтейнерлер қарастырылған. Ал, екпе тасымалына жауапты мамандар арнайы оқытудан өткен. Екпе жасайтын 91 маман дайындалған.

«Барлығы алгоритм бойынша тасымалданып жатыр. -18 градустан жоғары. Сондықтан барлық медициналық ұйымдар өздерінің термоконтейнерлерімен белгілі температурасымен осы жерде біздің бақылау арқылы жеткізіп жатыр», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының бас маманы Есбол Төлеу.