Алматылық дәрігер карантин талаптарын сақтап, ауырмаудың жолын іздеуге шақырады

17.12.2020 21:56

Мерекеге қарамастан тынымсыз жұмыс жасайтын қызмет иелерінің бірі – ол ақ халаттылар

gazeta.ru

Мерекеге қарамастан тынымсыз жұмыс жасайтын қызмет иелерінің бірі – ол ақ халаттылар. Елге мейрам болғанымен, олар үшін тәулік бойы жұмыс. Сондықтан дәрігерлер бірінші кезекте карантин талаптарын сақтап, ауырмаудың жолын іздеуге шақырады. Біз дәл бүгін қызметте жүрген Алматыдағы клиникалық инфекциялық балалар ауруханасының педиатр дәрігері Жанар Мұсағұловамен Almaty.tv эфиріне тікелей байланысқа шығып отырмыз.

– Жанар Шәкизадақызы, кеш жарық! Жалпы қаламыздағы инфекциялық балалар ауруханасында қазір жағдай қандай? Жұқпалы індетпен ауырып түсетін науқастар қалай ем қабылдайды мұнда?

– Қайырлы кеш, Өмір! Иә, әрине біз дәрігерлер мереке күндеріне қарамастан, өз қызметімізді атқарамыз. Бұл – біздің басты міндетіміз. Біздің ауруханамызда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Біз сақтық шараларын сақтаймыз. Біріншіден, келіп түскен науқастарды провизорлық бөлімшеде қабылдаймыз. Бұл жерде арнайы коронавирусқа ПТР-тест алынғаннан кейін, қорытындысынан кейін бөлімшелерге ауыстырамыз. Медицина қызметкерлері сақтық шаралыран тұрақты ұстанады. Олар жеке қорғаныс киімдерін маскаларын уақытымен ауыстырады. Және сырттан келген науқастарға бөтен кісілердің кіруіне рұқсат жоқ.

– Жанар Шәкизадақызы, қыс мезгілінде адамға ауа арқылы жұғатын тұмау вирусы мен басқа да респираторлық вирус өрши түсетіні рас. Күн суытқанда тұмаудан қорғану үшін не істеу қажет?

– Барлық жоғары тыныс жоғары инфекциясының алдын алу үшін коронавирус болсын, тұмау болсын, ЖРВИ болсын, ең басты шара өзіміздің жеке гигиенамызды ұстануымыз керек. Қоғамдық орындарға барған кезде маска тағып жүруіміз керек. Антисептик пайдалану керек. Адам көп шоғырланатын жерлерге бармау қажет. Барған күннің өзінде өте қатты қажеттілік болған кезде, арнайы жазылып алып барып, сақтық шараларын қолдау керек.

– Жақсы, ақпаратыңызға рахмет! Расымен де баршамыз бірігіп, сақтық шараларын ұстанғанымыз жөн.