Алматы қаласында карантин 19 наурызда түнгі сағат 00.00-ден бастап енгізіледі. Ал, карантиннің басты мақсаты – қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу және қала ішінде қатаң карантин режимін енгізу арқылы инфекцияның таралуын тоқтату, деп хабарлайды Almaty.tv.
Негізгі шаралар: Мегаполисте эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі; Көшелер мен тротуарлар дезинфекцияланады; Қоғамдық орындар мен тұрғын үйлер дезинфекцияланады және іргелес аумақтар тазаланады, Азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіріп-шығуы шектеледі; қалаға кіреберістерде 27 блок бекеттер орнатылады; Блок бекеттерінде Патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады; Сонымен бірге, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Карантин кезінде балабақшалардың; азық-түлік емес сауда орындарының; азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орындардан басқа, ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады.
Негізгі шаралар:
• Мегаполисте эпидемияға қарсы ауқымды іс-шаралар жүргізіледі;
• Көшелер мен тротуарлар дезинфекцияланады;
• Қоғамдық орындар мен тұрғын үйлер дезинфекцияланады және іргелес аумақтар санитарлық тазаланады;
• Азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіріп-шығуы шектеледі;
• Алматы қаласына кіреберістерде 27 блок бекеттері орнатылады;
• Блок бекеттерінде Патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық гвардия бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады;
• Сонымен бірге, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» жүзеге асырылады.
Карантин кезінде:
- балабақшалар;
- азық-түлік емес сауда орындары;
- азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орындардан басқа, ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады.