Коронавирус індеті барлық адамда біркелкі болмайды – профессор

09.04.2020 01:30

Еліміздің медицина мамандары осылай деп дабыл қағуда

Фото: ашық дереккөз

Аты жаман ауруға ат үсті қарайтын уақыт емес. Еліміздің медицина мамандары осылай деп дабыл қағуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Себебі, қауіпті індет алғашқы пайда болған вирусқа қарағанда анағұрлым өзгеріске ұшыраған. Одан өзге таралуы тез және арты қайғылы жағдайға алып келгендіктен бей-жәй қарауға болмайды дейді, мамандар. Дәл қазіргі сәтте үйден шықпау, жақындарыңыз бен өзіңізге қауіптің жоламауына сеп боласыз. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде тарайтын нақтыланбаған ақпаратқа сенбеуге шақырады. Оның орнына пайдалы кітаптар оқыған абзал дейді.  

«Қазір  адамдар бір-бірімен таксиге отырып жүре береді. Ол такси таза емес. Қазір қанша таксистердің ауырып жатқанын білеміз. Ауру барлық адамда біркелкі болмайды. Қызуы көтерілсе ауырды екен деп санауға болмайды. Сондықтан сақтаныңыздар! Үйде отырғандарыңызды сұранамын. Менің өтінішім  еліміздегі жағдай дұрыс болсын, көп адамды жоғалтпайық, қиналмайық десеңіздер сабыр сақтайық!» – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай ТӨЛЕМІСОВА.