Бұл алдын алу шараларының негізі
“Бетперде кию керек және бұл талап орындалуы тиіс. Әлем бойынша жағдай осылай". Алматы қаласының Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өзінің Фейсбук парақшасында осылай жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Бетперде кию керек және бұл талап орындалуы тиіс. Әлем бойынша жағдай осылай. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары менің бетперделерді киюге болмайды деген сөздерімді жариялады. Меніңше, олар менің сөздерімді дұрыс түсінбеген сияқты. Бетперде кию керек және бұл талапты әрдайым орындау керек. Әлем бойынша солай. Бұл алдын алу шараларының негізі", – деп жазады Бас дәрігер.