Алматыда 8 мыңнан астам дәрігер коронавируске қарсы күресуде

Almaty.tv
Almaty.tv
Індеттен айыққандардың ішінде дәрігерлердің өзі де бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Індеттен айыққандардың ішінде дәрігерлердің өзі де бар. Науқастардың емделіп шығуына жатпай-тұрмай атсалысып жатқан ақ халаттыларға әріптестерінің айтар алғысы зор, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігерлерге алғыс:

«Күнделікті қанша сағат жанымыздан табылып, бізді қолпаштап, жағдайымызды минут сайын кіріп сұрап, бізге керемет дәмді астарын алып келіп, ыстығымызды тексеріп, жағдайымызды сұрап жатқан медицина қызметкерлеріне,  осы бөлімнің барлық қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіргім келеді»

Алматыда 8 мыңнан астам дәрігер күнделікті коронавируске қарсы күрес жүргізеді. Дегенмен індет толығымен жойылған жоқ. Ал, жаңа типтегі вирус аса қауіпті болғандықтан, мамандар сақтық шараларына ерекше көңіл бөлу керектігін айтты.

«Бізге 50 жасқа толмағандар жеткізіледі. Көп жағдайда ауру еш белгі бермей өтеді. Басқа жері ауырмайтындар да індетті жеңіл өткереді. Ал егде жастағы адамдарда жағдай басқаша. Қант диабеті, бүйрек, өкпе және жүрек созылмалы аурулары бар жандарға қиын түседі», – деді  И. С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақыт УТАҒАНОВ.

Новости партнеров