Алматыда мешіт аумағында жұма намазын оқуға рұқсат етілді

24.04.2021 01:42

Діни нысандардың жұмыс істеу ережелері өзгерді

Фото: Максим Золотухин

Алматын қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин COVID-19 таралуын шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Діни нысандардың жұмыс істеу ережелері өзгерді:

- Жеке және ұжымдық құдайға құлшылық етуге (Жұма намаздары, жексенбі қызметтері) тек діни объектілер аумағында (ашық ауада) толтырылуы 50%-дан және ұзақтығы 60 минуттан артық емес, әлеуметтік қашықтықты 1,5 метрден кем емес және маскалық режимді қатаң сақтай отырып, тиісті белгілерді орнатқанда ғана рұқсат етіледі.


Қаулы 24 сәуірден бастап күшіне енеді. 

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.