5 мыңнан аса жеделсаты мен 4 мыңнан аса аула да дезинфекцияланады
Алматыда 8500-ге жуық көп пәтерлі тұрғын үйдің іші де, сырты да жаппай залалсыздандырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тазалық жұмыстарына пәтер иелері кооперативтері жауапты болмақ. Сондай-ақ, 5 мыңнан аса жеделсаты мен 4 мыңнан аса аула да дезинфекцияланады. Бұдан былай кіреберіс, дәліз, баспалдақтар мен жеделсаты, үй жанындағы алаңдар арнайы қоспамен жуылады. Қала әкімдігі көпке ортақ мүлікті күтіп ұстап, халықты тазалыққа шақырды.
«Бүгінгі таңда әрбір тұрғынға ай сайынғы жарналарды уақытылы енгізу арқылы өз үйлерін күтіп ұстау белсенді қатысу өте маңызды. Дәл осы жарналар еңбекақы төлеу қорын және ортақ мүлікті дезинфекциялау үшін қажетті қаражатты сатып алуды қарастырады. Қала әкімдігі көппәтерлі үйлердің ортақ пайдалану орындарын дезинфекциялау бойынша пәтер иелері кооперативтері қолдаудың қосымша шараларын пысықтап жатыр», – деді қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан ОТЫНШИЕВ.
Айта кетейік, пәтер иелері кооперативтері коронавирустың таралуына қарсы әрекет етпей жатса, тиісті шаралар қабылданатын мәлімдейді. Ондай жағдайда тұрғын үй саясаты басқармасына хабарласуға болады. open-almaty.kz сайты да онлайн жүргізіледі. Есте болсын, басқарманың жұмысы электронды форматқа көшті. "Алматы жастары", "Бақытты отбасы" бағдарламаларына өтініш қабылдау 30 сәуірге дейін жалғасады.