Алматыда шұғыл операция жасалып, Covid-19 жұқтырған 80 жастағы қарияны аман алып қалды

27.06.2020 01:43

Науқас бірнеше жыл бойы жасанды кардиостимулятор, электрокардиостимулятормен өмір сүрген екен

Алматыда шұғыл операция жасалып, Covid-19 жұқтырған 80 жастағы қарияны өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басы айналып, уақытша есінен танған, ауа жетіспей, кеуде тұсында ыңғайсыздықты сезген 80 жастағы қарт ауыр күйде Ардагерлер үйінен Қалалық кардиологиялық орталыққа, реанимация бөліміне түсті.

Электрокардиографияға сәйкес дәрігерлер қалыпты жағдайда минутына 60-80 рет соғуы керек қарттың жүрегі минутына жиілігі 27 рет соққанын және өткізгіштік жүйенің толық блокадасын анықтады.

Науқас бірнеше жыл бойы жасанды кардиостимулятор, электрокардиостимулятормен өмір сүрген екен.

Уақыт санаулы болғандықтан, оның үстіне бас ми бөлігі зардап шеккендіктен реанимация бөлімінде шұғыл түрде уақытша эндокардиалды стимуляция орнатылды. Содан кейін жүрек соғысының жиілігі қалпына түсті. Келесі күні интервенционды аритмологтар құрылғыны ауыстыру операциясын жасады.

“Егер уақытылы медициналық көмек көрсетілмегенде, науқас қайтыс болатын еді. Қабылданған сәтте науқаста екі жақты пневмония анықталды, жасалған анализ Covid-19-дың бар екенін көрсетті. Бұл диагноз операция барысын қиындатты, бірақ, біздің мамандар жақсы нәтиже көрсетті”, – деді бас дәрігер Алмат Кодасбаев.

Тексеріс кезінде науқастың бактерияларының таусылғандығы байқалды. Операциядан кейін жағдайы тұрақты қарт жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясын емдеуге жіберілді.