Жандарбек Бекшин карантин туралы қаулыға қол қойды
Оңтүстік астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы карантин туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қаулыға сәйкес мынадай шаралар сақталады:
- Бұқаралық іс-шараларға тыйым салу сақталады
- Караоке, түнгі клубтар, кинотеатрлар, фудкорт және т. б. жұмыс істемейді
- Бизнесмендер қызметкерлердің 30 пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек
- Жолаушылар ағынын азайту мақсатында қоғамдық көліктің барынша көп шығуын қамтамасыз ету қажет
- Аудан әкімдері мониторинг топтарының жұмысын жандандыруы тиіс
- Кіреберістер мен балалар алаңдарын аптасына бір рет дезинфекциялау
Құжатпен толығырақ мына жерде танысып шыға аласыздар.