Бүгін, 2020 жылдың13 наурызында Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайы зертханамен расталды
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Қазіргі таңда бұл науқастар Алматы қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылды. ДДҰ ұсынысымен бекітілген хаттама бойынша емдеу басталды. Науқастың бірі 9 наурызда келіп, ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 1б санаты бойынша үй карантинінде болды. Бұл науқаспен 1Б санатына жататын елден келген адамдарға үйдегі карантин жүйесі қарастырылған еді. Жалпы 1Б санатына жататын елден келгендер немесе COVID-19 вирусының жұғуы ықтимал азаматтармен байланыста болған жандар сол күннен бастап 14 күнге карантинге жабылады», —деді Тілеухан Әбілдаев.
Жиында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы науқас адаммен байланыста болған барлық адамдар дәрігерлердің бақылауы мен провизорлық емханаларға орналастырылып, ауруханаға жатқызылатынын атап өтті. Олардың барлығына коронавирустық инфекцияға талдау жасалады.
Өз кезегінде екінші науқас Алматыға бүгін түнде Германиядан ұшып келген. Ұшып келген сәттен-ақ оған шектеу енгізіліп, жұмыс жаңа алгоритм мен қаулыға сәйкес жүргізілді. Экипажды қоса алғанда, борттағы 12 адамның барлығы оқшаулауландырылып, карантинге, инфекциялық стационарға орналастырылды. Барлығынан зертханалық зерттеуге талдау алынды.
Алматыдағы ұйымдарда дәрілік препараттар, жеке қорғану құралдары мен залалсыздандыру құралдарының қоры жеткілікті.
Қазіргі уақытта Алматыда коронавирусты инфекциямен ауыратын адамдарды емдеу үшін екі жұқпалы стационарда төсек орындары ашылды. Сондай-ақ ем-дом жүргізу 250 орны бар медициналық орталық ашылады. Коронавирустық инфекциямен байланыста болған адамдар үшін 3 медициналық ұйым жұмыс істейді. Қосымша 1,5 мыңнан астам адамға арналған төрт мекеме дайындалуда.
Алдағы уақытта карантинге оқшаулау үшін 3 мыңнан астам адамға арналған мекеме ашылады.
«Азаматтардың келуіне қолайлы болу үшін жеке гигиена құралдарына дейін барлық қажетті заттар дайындалды. Азаматтар тәулік бойы медициналық қызметкерлердің қадағалауында болады. Барлық азаматтарды тексеру үшін талдау сынамалары алынды. Карантиндегі азаматтардың барлығында катаралды құбылыстар байқалмайды. Дене қызуы да жоқ», — деді Т. Әбілдаев.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус тіркелген елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, міндетті 14 күндік карантинге оқшауландырылады. Бұл адамдар 1 А санатына жатады.
14 күндік карантин аяқталғаннан кейін де 10 күнге дейін телефон арқылы медқызметкерлердің бақылауында болады.
«Азаматтардың бұл мәселеге жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Өйткені әр азаматтың денсаулығы осыған байланысты. Бұл 1б санаты бойынша үй карантинінде жатқандарға да қатысты. Жалпы 1б санатына жататын елден келгендер немесе COVID-19 вирусының жұғуы ықтимал азаматтармен байланыста болған жандар сол күннен бастап 14 күнге карантинге жабылады», — деп атап өтті мегаполистің бас дәрігері.
Карантин кезінде емхана қызметі күн сайын катаралды құбылыстары байқалған азаматтардың қоңырауына жауап беріп отырады. ЖРВИ мен тұмаудың белгілері пайда болған кезде тұрғылықты/тіркелген жері бойынша емханаға хабарлау қажет. Медициналық қызметкерлер үйге келіп, тексеру жүргізеді.
«Барлық келген азаматтар осы жағдайға ортақ қарап, карантин мерзімін ұстауы керек. Талапқа бағынбағандарға әкімшілік айыппұл салынады. Егер үй карантиніндегі адамның талапты бұзғаны анықталса, аймақтық емхана тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетіне, ал олар тиісті органдарға шағымданады», — деді ол.