Алматыда 99 жастағы қария коронавирустан емделіп шықты

13.04.2021 01:51

Ауруханада шамамен екі аптадай ем-дом жасалынды

egemen.kz

Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасынан  COVID-19 диагнозы қойылған, полисегментарлық ковидті пневмония дертіне шалдыққан  99 жастағы қарт кісі сауығып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ге сілтеме жасап.

Аурухана дәрігерлерінің бақытына орай, барлығы сәтті аяқталып, пациент  жазылып, бұрынғы қалпына толықтай келді.  

«Ауруханада шамамен екі аптадай ем-дом жасалынды. Туыстары мамандарға дер кезінде  жүгінгендіктен, біз уақтылы дұрыс ем тағайындадық. Дәрі-дәрмекпен емдеуден қатар психоэмоционалдық қолдауға барынша көңіл бөлдік, барлық әкімшілік өкілдерімен бірге ауруларды аралап шығу барысында,  ақсалдың  да  саулығын сұрастырып, қолдау көрсетіп, әрдайым жігерлендіріп отырдық. Науқастың немересіне де рахмет,  оның қамқорлығының арқасында  атасы  ауруды тез арада жеңе білді», – дейді дәрігерлер.