Карантин: Алматыда жолаушылар қарқыны бәсеңдеген

22.03.2020 01:51

Метрополитен жұмысы бойынша қазіргі кезде жолаушылар ағымы 70 пайызға төмендеді

tengrinews.kz

Алматыда жолаушылар қарқыны анағұрлым бәсеңдеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Дегенмен қала әкімдігі автопарктер мен метрополитен штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Бұл дүйім елді еркін тасымалдау үшін қолға алынған. Тек қаларалық және Алматы маңындағы маршруттар ғана карантин кезінде уақытша жұмысын тоқтатты.  

«Соңғы апта ішінде жолаушылар ағымы 64 пайызға азайды. Алайда алматылықтарды еркін тасымалдау үшін автобустар жоспарлы түрде жолға шығып жүр. Метрополитен жұмысы бойынша қазіргі кезде жолаушылар ағымы 70 пайызға төмендеді. Алайда метро жұмысы штаттық режимде жұмыс жасауда. Депода вагондар толығымен дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді», – деді Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық ТЕЛІБАЕВ.

Сондай-ақ, автобустарды дезинфекциялау басты назарға алынды. Ол үшін санитарлық өңдеумен айналысатын қос компаниямен келісім жасалған. Ескерте кетейік, күндіз қоғамдық көлікті соңғы аялдамада жылжымалы санитарлық өңдеу бекетінде залалсыздандырса, түнде дезинфекция көлік жуатын жерде жасалады.

Жадыра Омаржан, Рәшид Шүкірәлиев

 «Алматы» телеарнасы