Елімізде коронавирустан айыққандар саны көбейіп келеді

05.10.2021 01:54

Алайда соңғы тәулікте індеттің кесірінен 37 адам көз жұмды

Фото: vesti.ru

Елімізде карантин жеңілдетілгенімен, арқаны кеңге жаю әлі ерте. Соңғы тәулікте індеттің кесірінен 37 адам көз жұмды. Оның алтауы – коронавирус пневмониясынан, қалғаны коронавирустан қайтқан. Өлім-жітім ең көп тіркелген аймақ әлі де Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Шығыс Қазақстан облысы болып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал өткен тәулікте жаңадан коронавирус жұқтырғандардың саны 1 717 адам болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Алматыда бұл көрсеткіш 428 адамға жетті. Ал елордада 288 адам вирусқа шалдыққан. Жұғу дерегі ең төмен көрсеткіш – Маңғыстау облысында. Жалпы, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 893 мыңға жетті.

Бір қуантарлығы, бұл аурудан айыққандар саны көбеюде. Тек, өткен тәулікте 1 913 адам коронавирус инфекциясынан құлан-таза жазылып шықты. Соңғы мәліметке сәйкес, Алматыда – 586 тұрғын, ал Нұр-Сұлтанда 275 науқас сауыққан. Мамандардың айтуынша, науқастардың коронавирустан толық жазылып шығуына халықтың белсенді түрде КОВИД-ке қарсы екпе салдырғаны себеп болған. Яғни, қоғамдық иммунитет қалыптаса бастады.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар қалалары мен Солтүстік Қазақстан облысы «қызыл» аймақта түр.  Ал Шымкент, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары «сары» аймақта орналасқан. Қалған облыстар «жасыл» аймақта» тұр.  

COVID-19 вирусынан қайтыс болғандар:

Нұр-Сұлтан                       5 науқас

ШҚО                                  5 науқас

Алматы                              4 науқас

Шымкент                           4 науқас

Қызылорда облысы          3 науқас

Ақмола облысы                 2 науқас

Қарағанды                          2 науқас

Ақтөбе облысы                  2 науқас

Жамбыл облысы               1 науқас

Атырау облысы                 1 науқас

Павлодар облысы              1 науқас

СҚО                                    1 науқас.

Коронавирусқа шалдыққандар саны:

Нұр-Сұлтан            288 адам

Алматы                   429 адам

Шымкент                28 адам

Ақмола облысы      53 адам

Ақтөбе облысы       38 адам

Алматы облысы      133 адам

Атырау облысы       23 адам

ШҚО                            100 адам

Жамбыл облысы         47 адам

БҚО                              51 адам

Қарағанды облысы     179 адам

Қостанай облысы       107 адам

Қызылорда облысы    17 адам

Маңғыстау облысы     4 адам

Павлодар облысы        122 адам

СҚО                              72 адам

Түркістан облысы       26 адам.

COVID-19 вирусынан айыққандар саны:

Нұр-Сұлтан  275

Алматы  439

Шымкент - 21

Ақмола облысы - 131

Ақтөбе облысы - 68

Алматы облысы - 317

Атырау облысы -124

ШҚО - 168

Жамбыл облысы - 3

БҚО -1

Қарағанды облысы - 154

Қостанай облысы - 8

Қызылорда облысы - 86

Маңғыстау облысы - 7

Павлодар облысы  - 47

СҚО - 30

Түркістан облысы - 34.