Өткен екі тәулік ішінде Алматының мониторингтік топтары 370 нысанда карантиндік шаралардың сақталуын тексерді

25.01.2021 01:55

Қалада мониторингтік топтардың жұмысын күшейту: екі тәулік ішінде 58 кәсіпкерлік нысанында карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды

Акимат Алматы

Өткен екі тәулік ішінде Алматының мониторингтік топтары 370 нысанда карантиндік шаралардың сақталуын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрамына аудан әкімдіктерінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін мониторингтік топтар кәсіпкерлік нысандары бойынша карантиндік режим талаптарының бұзылу фактілерін анықтау және жолын кесу, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қолданыстағы шаралардың қажеттілігін түсіндіру мақсатында ағымдағы жылғы 22-24 қаңтар аралығында аудандарды аралап шықты.

Аралау барысында 370 нысан тексерілді. 58 нысаннан бұзушылықтар анықталды:

1. «Кишлак» дәмханасы, Сейфуллин 540а.

2. «Мята Breakfast&Bar» лаундж-бары, Абай 26г.

3. Лаундж-бар «Мята», Назарбаев 176.

4. Бар «Танцы», Гоголь 73.

5. Бар «Бача», Жібек жолы 66/1.

6. «Дубай мейрамханасы» Құлагер ш/а.

7. «Game club» (PlayStation, үстел теннисі) Палладин көшесінің бойында

8. Бильярд клубы, Айнабұлақ 3 ш/а, 172.

9. «Sky sport» компьютер клубы.

10. «Небо» бары, Достық 192/2.

11. «Бармаглот» бары, Әл-Фараби 116/21.

12. «Шишка Edition» кальяны, ҚажымұқАня 49.

13. «Лея» дәмханасы, Сайын 18.

14. «Office» компьютер клубы, Аксай-3б ш/а, 18/5.

15. №36 «Royal Petrol» ЖЖҚС.

16. №61 «Royal Petrol» ЖЖҚС.

17. №21 «Helios» ЖЖҚС.

18. «Центр ковров» дүкені.

19. №114 «Petrol Azia» ЖЖҚС.

20. «Шамо» бильярд клубы.

21. «Мята Platinum» лаунж-бары, Абай  26Г.

22. «Кишлак» мейрамханасы, Сейфулин 540А.

23. «Calliayano» лаунж-бары, Сәтпаев 56.

24. «Таверна Шмель» бар-паб, Жандарбеков 152.

25. «DOA» компьютер клубы, Қожабеков 17/2.

26. «Slam Bro» бургері, Розыбакиев 136/1.

27. Клуб «Малина», Скрябин 8в.

28. «Loto club», Солтүстік айналма 9а.

29. «Айлин» мейрамханасы, Құлжа тракті 70/2.

30. «Пугасов» мейрамханасы, Абдуллиндар 70.

31. «Чачапури» дәмханасы, Қастеев 15.

32. «К-Таун» мекемесі, Әйтеке би 53.

33. «Взлетка» бары, Уәлиханов 27.

34. «Нигилист» бары, Уәлиханов 27.

35. «Мята» лаундж-бары, Назарбаев 176.

36. «Арабис» кафе-бары, мекеме 23:00–ден кейін жұмыс істеген.

37. «The One» компьютерлік клубы.

38. «Атауы жоқ» компьютерлік клуб.

39. «Sky sport» компьютерлік клубы.

40. «Алмалы» дәмханасы, Ақсай 1а.

41. «Арша» дәмханасы, Брусиловский 164.

42. «Тюбетейка» мейрамханасы, Сәтпаев 32/1.

43. «Форт Горный» мейрамханасы, Хан-Тенгри 197.

44. «Соседи» бары, Бұхар Жырау 26/1.

45. «Как надо» бары, Гоголь 223.

46. «Бухаус» дәмханасы, Төле би 142.

47. «Лото клуб»,Төле би 142.

48. «Bunny» ерте дамыту орталығы.

49. «Умка» балалар орталығы.

50. «Dent Art» стоматологиясы.

51. «Бастау» шағын маркеті.

52. «A and N» сұлулық салоны.

53. «Elitalco.kz» элиталы сусындар дүкені.

54. «Барыс-IV» базары.

55. «Rich» караокесі.

56. «Pion» дәмханасы.

57. «До Ре Ми» караокесі.

58. «Time» бары.

Барлық материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін берілді. Шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды жауапқа тарту және сотқа беріп, іс қозғау үшін аумақтық прокурорларға беріледі. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушыларға  жауапкершілік ретінде ұйымның қызметін тоқтатуға дейін қарастырылған.

Алматы әкімдігі маска режимін және әлеуметтік қашықтықты, жеке гигиена шараларын қатаң сақтауға шақырады. Кәсіпкерлік субъектілері пандемия кезеңінде қауіпсіздік шараларының талаптарын мүлтіксіз сақтауы қажет — бұл жұмыс режимі, қызметкерлер мен келушілердің термометриясы, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтауды, жеке қорғаныш құралдарының (бетперделер, қолғаптар) ауысуын, санитайзерлердің және дезинфекциялау құралдары қорының болуын, үй-жайлардың желдетілуін қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған талаптардың бұзылуы ұйым қызметкерлері арасында сырқаттанушылыққа және кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға әкеп соғады. Бүгінгі күні Алматы қаласының соты 18 кәсіпкерлік субъектісінің қызметін 1,3 айға тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулы қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров сырқаттанушылықтың өсуі жағдайында мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді, оның ішінде карантиндік шараларды сақтауға тексерілетін нысандардың тізімін ұлғайтуды тапсырған болатын. Басты міндет — Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырудың алдын алу.

«Эпидемиялық жағдай ушығауда. 2020 жылғы желтоқсан айының басынан бастап, алдыңғы онкүндікпен кейінгі онкүндіктікті салыстырғанда, COVID-19 ауруының орташа есеппен 1,2 есе өсуі тіркелді. 1-10 қаңтар аралығында -1,3 есе өсті, 11-21 қаңтарда – 1,1 есе өсті. Инфекцияны жұқтыру қоғамдық орындарда, қоғамдық көліктерде, ойын-сауық орындарында болады. Мейрамханалар мен басқа да қоғамдық орындардың жұмыс режимін ерекше бақылауға алу қажет», — деді Е. Бабақұмаров.