Бүгінде қалада соңғы мәлімет бойынша 227 адам жазылып, үйлеріне шығарылған
Алматыда қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан науқастардың бірі өзінің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Науқас дәрігерлердің ерекше жұмысын атап өтіп, оларға алғыс білдірді. Ал бүгінде қалада соңғы мәлімет бойынша 227 адам жазылып, үйлеріне шығарылған.
Елімізде бұған дейін болжанған COVID-19 инфекциясының шарықтау шегі межеден асып кетті. Сәйкесінше бар күш дәрігерлерге түсіп жатқаны анық. Ақ халатты абзал жандар осылайша арнайы қорғаныш киімін киіп, қыл өтпестей қымтанып науқастарды індеттен айықтыруға аттанады. Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан пациенттердің бірі арнамызға сұхбат берді. Оның сөзінше, ол аурухананың 5 бөлімшесіне 4 сәуір күні түскен.
«Физикалық әрі эмоционалды тұрғыда дәрігерлерге оңай тиіп жатқан жоқ. Күнде қорғаныш киімін киіп, адамдардың денсаулығына жауап беру үлкен сабырлықты талап етеді. Жазылып шыққан әрбір науқас дәрігер үшін үлкен қуаныш екенін байқадым. Мен осындағы барлық қызметкерлердің көп ұзамай отбасы, жақындарымен қауышып, бұрынғы жұмыс режиміне оралуларына тілектеспін!», – деді Дина ҚҰЛДАРОВА.
Соңғы ақпарға сенсек, қала бойынша коронавирустан жазылып шыққандар саны 227 адамға жетті. Ал бұл балалар жұқпалы аурулар ауруханасында қызмет етіп жүрген дәрігер Айгүл Хамитханқызы. Ол науқастарды емдеу үшін бар күшімізді жұмсап жатырмыз дейді.
«Клиникаға түскен науқастарға көмегімізді көрсетіп жатырмыз. Отбасымыздан жырақта жүрміз. Телефон арқылы ғана хабарласып амандығын біліп жатырмыз. Халқымызға келген індетті барлығымыз бірауыздан жеңіп шығамыз деген үміттеміз», – деді Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының педиатры Айгүл МАЛАЙСАРИНОВА.
Науқастарға ем дарытып, ұлт саулығын өз өмірінен биік қоятын медицина мамандарының ерлігі бұған дейін де талай айтылып, жазылып жатыр. Ақындар ақ халаттыларды жырға қосса, қылқалам шеберлері дәрігерлерге естелік суреттерін арнауда. Әсіресе бозарып бос тұрған үйлердің қабырғаларында олардың еңбектері бейнеленген ерекше мұралдар сызылған еді.
БЛИЦ:
– Керек, әрине, кейінгі ұрпаққа өте жақсы ғой...
– Самое главное конечно это врачи, которые оставили свои семьи, своих детей. Не смотря ни на что на все эти тяготы они боряться с этой болезнью и конечно они спасают жизни людей.
– Вы знаете это память потомкам нашим. Что когда-то был коронавирус. Любое объяснить им, и детям надо об этом знать.
Мынадай мұралды салу үшін шамамен екі аптадай уақыт кетеді. Бірақ бұл сурет 30 жылға дейін сақталады екен. Бұл – індетпен күресіп жүрген жандардың еңбегін ұрпақ жадында ұзаққа дейін қалдыратыны сөзсіз.
Назкен Еркін, Мейрам Исабеков, «Алматы» арнасы