Маскалық режим: Алматыда қоғамдық орындар жаппай тексеріліп жатыр

29.05.2020 20:23

Әлеуметтік арақашықтықты және маскалық режимді сақтамаған тұрғындарға айыппұл салынады

Алматы қаласында бұдан былай  қоғамдық орындардағы әлеуметтік арақашықтықты және маскалық режимді сақтамағаны үшін тұрғындарға айыппұл салынады. Яғни, жеке тұлғаларға 13 мың теңгеге дейін, ал кәсіпкерлер үшін 1 миллион 300 мың теңгеге дейін айыппұл салу жазасы қарастырылған. Шаһарда әкімдік пен полиция қызметкерлері коронавирустан сақтануға қатысты түсіндіру жұмыстары бойынша әлі де жаппай тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Төменде Бостандық ауданы тұрғындарының маскалық режимді қалай сақтап жүргені туралы бейнеролик ұсынылған.