Белгілі адвокат Джохар Өтебековтің модульді аурухана жұмысына қатысты шағымына инфекционист дәрігер жауап берді

17.05.2020 03:45

Модульді аурухананың дәрігері Тамара Утаганова COVID-19 инфекциясымен ауруханаға түскен науқастарды қалай қабылдайтынын және қалай емдейтіні жөнінде толық алгоритмін түсіндірді

Фото: theopenasia.net

Белгілі адвокат Джохар Өтебеков өзінің фейсбук парақшасында модульді аурухананың дәрігерлеріне қатысты пост жариялаған еді. Бұл ауруханаға кеше түнде түскен ол таңертең әлі компьютерлік томографияның жасалмағынын алға тартып, сенбі күні дәрігерді көрмегенін жазды. Дәл қазір Джохар Өтебеков COVID-19 вирусымен ауруханада жатқандықтан, науқасты мазаламауды жөн көрдік. Орнына И.Жекенова атындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалының инфекционист дәрігері Тамара Утагановаға хабарласқан едік. Дәрігер болған жайтты рет-ретімен түсіндіріп берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мүмкін, компьютерлік томография жасалмайды дегенге қобалжыған көрінеді. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына байланысты  жұмыс істейтін бүкіл медициналық қызметкерлер демалыссыз және тәулік бойы жұмыс істейді. Бәлкім, сол уақытта дәрігерлерлердің өзі басқа науқастармен жұмыс істеп, Джохар мырзаға  келіп үлгермеген болар. Кеше сағат 20.00 шамасында түссе, әлі толық тәулік болған жоқ. Жалпы бір тәулік ішінде қанның анализі, зәрдің анализі және компьютерлік томография жасалады. Не үшін компьютерлік томография шұғыл түрде жасалған жоқ? Себебі ол жоспарлы диагностикалық шара. Бізге келген кезде Джохар мырзада рентгенологиялық тексерулер болды. Ол жерде созылмалы бронхит белгісі болған. Бірақ жоспарлы түрде бүгін өткізетініміз  белгілі еді. Джохар мырзаның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр», – деді И. С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалының дәрігері Тамара УТАГАНОВА.

Модульді аурухананың дәрігері Тамара Утаганова COVID-19 инфекциясымен ауруханаға түскен науқастарды қалай қабылдайтынын және қалай емдейтіні жөнінде толық алгоритмін түсіндірді.

«Бірінші үш күнде біз диагностикалық шаралар арқасында білеміз. Ол симптомсыз ауру ағыны ма немесе жеңіл, орташа ауру түрі ме? Сол уақыттың арасында бірінші үш күн ішінде біз жалпы клиникалық анализдер, науқастың өзін объективті қараудан басқа және рентгенологиялық тексеру, компьютерлік тексерулер жасаймыз. Егер осы тексеру барысында ешқандай өзгеріс жоқ болса және клиникалық тұрғыда науқасты ешнәрсе мазаламайтын болса, онда науқас симптомсыз ағым деп есептеледі. Егер үйде мүмкіндік бар болса, үйдегі карантинге шығарылады. Егер үйде мүмкіндік болмаса, онда ары қарай стационарды жағдайда оқшауланады. Егер жеңіл ауру болса, онда ауруханада ары қарай бақыланады. Орташа, ауыр және өте ауыр ағымы, олардың барлығы вирусқа қарсы ем  қажетті симптоматикалық және потогенетикалық емге жатады», – деді И. С. Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалының дәрігері Тамара УТАГАНОВА.