Коронавируспен ауыратындардың дені ересектер – Бекшин

01.05.2020 02:20

Оның сөзінше, ең көп дерек 20-29 жастағы ересектер арасында тіркелген

© Sputnik / Абзал Калиев

Коронавируспен ауыратындардың дені көбіне ересектер.  Бүгін Алматы әкімдігінде өткен онлайн брифингте қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қауіпті індетті жұқтырғандар жайлы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, ең көп дерек 20-29 жастағы ересектер арасында тіркелген. Олардың саны – 340. Алматыда байланыста болған 14 541 тұлға анықталды. Олардың ішінде жақын қатынаста болған 1468 адам провизорлық клиникада, үй карантинінде 9160 адам, ал 2655 азамат бүгінде үй каранатинінен шығыпты.

«Барлық контингент бойынша айтсақ, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 37 жағдай болған (3,7%), 15-19 жастағы балалар арасында 54 жағдай тіркелді. Бұл барлық аурулар санының  5,4 %-ын құрап отыр. 30-39 жастағы ересектер арасында 184 жағдай тіркелді (18,6 %). 40-49 жастағылар арасында 164 адам, 60-тан асқан үлкен кісілерден 70 адам ауырған», – деді Алматы қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек БЕКШИН.