Алматыда локдаун 31 тамызға дейін ұзартылды

17.08.2021 02:20

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Almaty.tv

Алматыда карантин 31 тамызға дейін жалғасады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес, локдаун тамыз айының соңына дейін ұзартылады:

- Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындардың қызметіне;

- кәсіпорындардың қызметіне Ashyq-ке қатысқанына қарамастан демалыс және мереке күндері. Сондай-ақ, оқу орындары мен мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын жаңа талаптар белгіленді:

- барлық білім беру мекемелерінде Ashyq жүйесі енгізілді;

- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары бөлек есіктен кіреді;

- барлық қызметкерлер мен балалар күнделікті таңертеңгі сүзгіден өтеді;

- бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;

- оқушылар сыныптан-сыныпқа көшіп оқымайды;

- бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үзіліске бір мезгілде шықпайды;

Осы қаулы 17 тамыздан бастап күшіне енеді.  

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.