Қаулы 2021 жылдың 13 наурызда күшіне енеді
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Алматы қаласында коронавирус инфекциясы аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды кұшейту» туралы жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласында 10.03.2021 жылғы №9 жаңа қаулы шықты. Коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды күшейту туралы:
- Ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады.
- «Наурызды» және басқа да мерекелік корпоративтерді жаппай мерекелеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;
- Қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салынады. Бұл боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары;
- Қоғамдық көлікке, таксиге, метроға, әуежайларға, т/ж және автовокзалдарға, аула балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізу;
- Күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады;
Коронавирустық инфекцияның жеңіл және орташа нысандарымен ауыратын науқастарды ауруханаға жатқызу, сондай-ақ үй карантинін сақтау үшін жағдайлар болмаған кезде симптомсыз нысандарды ауруханаға жатқызу міндетті.
Қаулы 2021 жылдың 13 наурызда күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.