Қауіпті індетпен күресуге қарапайым халық та ат салысатын уақыт жетті – саясаттанушы

Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев
Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев
Эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шараларының бизнесті тоқтатпай қабылдануы орынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қауіпті індетпен күресуге  қарапайым халық та ат салысатын уақыт жетті. Белгілі саясаттанушы Айдос Сарым осындай пікірде. Оның сөзінше, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шараларының бизнесті тоқтатпай қабылдануы орынды. Себебі карантин уақытында да экономиканы естен шығармау маңызды. Осы тұста алматылықтарды  пікірі қандай екен? Almaty.tv  тілшісі Арнат Дүйсен анықтап көрді.

14 күндік шектеу кезінде шаштараз, сән салондары сияқты кейбір бизнес нысандары тағы да табысынан қағылады. Ал, мемлекет үшін бірінші кезекте халықтың өмірі мен денсаулығы тұр. Осы тұста Айдос Сарым ауылшаруашылығы, өнеркәсіпорындары сынды экономиканың күретамыры саналатын өндірістерді тоқтатпай, күшейтілген шараларды қабылдау маңызды дейді. Өйткені ел экономикасын құлдыратпау басты назарда болуы тиіс. Ол үшін бизнес өкілдері мен билік арасында байланыс нығаюы тиіс.    

«Халыққа құлақ асатын Үкімет» дегенді айтып жүрміз ғой, шынымен де, біз жағдайды қамтамасыз ете аламыз, осындай мүмкіндіктеріміз бар дейтін болса, әкімдіктер олардың дұрыс жұмысқа қосылуына мүмкіндік беру керек сияқты», – деді саясаттанушы Айдос Сарым.

«Мен түсінемін, қазір жағдай оңай емес. Сондықтан жақындарымыздың өмірі мен денсаулығы бірінші кезекте болуы маңызды. Әрбіріңізден сұрайтынымыз – бетперде режимін ұстануды және санитарлық-эпедемиялогиялық ережелері қатаң сақтауды естен шығармаңыздаршы. Осылай ғана біз бәрін жеңеміз», – деді  ҚР Кәсіподақтар федерациясы басшысының орынбасары Нұрлан Өтешов.

Сонымен қатар, 5 шілдеден бастап спорттық, бұқаралық, отбасылық және мәдени шараларға тыйым салынады. Егер бизнес тарапынан да, жеке тұлғалар тарапынан да қандай бір заң бұзушылық анықталса жауапкершілікке тартылады.

«Карантин режимін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, кәсіпкерлік субъектілері үшін 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Тиісті құжат осы аптада қабылданады», – деді  ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Ал, алматылықтар мұндай шешімді дұрыс деп қабылдайды және қажет болса орындауға дайынбыз дейді. Күн сайын жаңа деректердің көбеюі көңілімізге қаяу салды деген пікірді. Айта кету керек, осы екі аптада адам көп жиналатын жерлерідң барлығы жабық болады. Сондықтан себепсіз үйден шықпауға кеңес береді тұрғындар.    

БЛИЦ:

– Негізі жақсы карантин қойып тастағаны. Адам көп далаға шықпайды. ауырмайды. Көбісі маска кимей жүр көшеде. Автобустарда да көбісі кимейді.

– Әрине, дұрыс. Сол үшін істейміз ғой бәрін. Егер олай болмаса, эпидемия болады ғой. Жаман эпидемия болады.

– Адам көп жүреді. Дұрыс қараймыз.  

Халық пікірі осындай. Көпшілігі күшейтілген карантин режимі қабылданған дұрыс деп санайды. Ал, қалааралық автобустар 5 шілдеден бастап қатынамайтын болса, қала ішіндегі қоғамдық көліктердің жұмысы шектеледі. Бұл туралы алдағы уақытта айтатын боламыз.

Арнат Дүйсен, Ғани Қалуов, «Алматы» арнасы

Новости партнеров