232-ге жетті: Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирустан 18 адам көз жұмды

06.07.2020 17:24

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты

ҚазАқпарат

Қазақстанда коронавирустан 232 адам қаза болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде коронавиру инфекциясына шалдығудың 47 171 жағдайы тіркелді. Бір тәулікте 1 452 адам індет жұқтырды. Өсім  – 3,2 пайыз. Жалпы 232 пациент қаза тапты, соңғы тәулік ішінде – 18 адам», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.