80 адамның барлығы 1а категориясындағы елдерден келгені айтылады
Шымкентте коронавирус тараған елдерде келген 80 адам карантинге жатқызылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"80 адам ауруханада карантинде жатыр. Барлық басқа елдерден келгендер", - деді Тауар қауіпсіздігі және бақылау сапасы департаментінің баспасөз қызметі.
80 адамның барлығы 1а категориясындағы елдерден келгені айтылады.
"Олар сап-сау адамдар. 63 адамның барлығы түрлі борттардан түсті, Шымкентке қонды. 17 адам Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ұшып келді", - деп хабарлады департаменттегілер.