COVID-19 жұқтырғандардың саны 59-ға жетті
Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
"Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыздағы 21.30 сағ. жағдай. Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында - 24 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 59 науқас тіркелді", – делінген хабарламада.