Олар да бағаны бекітеді
Жеке зертханалар коронавируске байланысты тесттілеу бағасын төмендетіп жатыр. Бұл туралы Oрталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының бас директоры - басқарма төрағасы Арнұр Нұртаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Егер мемлекет минималды 11 мың теңгемен жұмыс істей алса, жеке зертханалар белгілі бір талаппен шектелмеген. Олар да бағаны бекітеді. Білуімше, қазір жеке лабораториялар коронавирусқа тесттің бағасын төмендетіп жатыр. Себебі тексерілем деушілердің қатары артуда», – деді НҰРТАЕВ.