Өскеменде еріктілер тұрғындарға газет таратты

21.03.2020 03:42

Іс-шара «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында болды

www.inform.kz

Өскемендік волонтерлер тұрғындарға коронавирус туралы ақпараттар таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында облыстық фронт-офистің волонтерлері коронавирустың алдын алу шаралары бойынша әзірленген «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттерінің арнайы шығарылымдарын Өскемен қаласының азық-түлік сататын дүкендері, сауда үйлері мен базарлардағы халыққа таратты.