21 наурыз күні елде дәстүрлі шаралар мен концерттік бағдарламалар болмайды
Қырғызстанда Наурыз мерекесін тойлауға байланысты іс-шаралар тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан үкіметтің баспасөз қызметінде.
21 наурызда елде дәстүрлі шаралар мен концерттік бағдарламалар болмайды. Бұл – елдегі коронавирустың алдын алуға байланысты қолға алынған шұғыл шара. Наурызда болатын ат спорты ойындары да тоқтатылды.
Осыдан бұрын үкіметте Қырғызстан бойынша Наурыз тойлауға қатысты жаппай мәдени шаралар тоқтатылуы мүмкін екені айтылған болатын. Ал мұндай нақты шешімді коронавирустың таралуына байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауымен экономикалық шараларды жүзеге асыру жөніндегі республикалық штаб шығарды.