ДДСҰ басшысы халықтың мерекелік басқосуларға бармағанын құп көреді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемге тез таралып жатқан «омикроннан» қорғану үшін адамдарды алдағы мерекелер жоспарын қоя тұруға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
ВВС орыс қызметі хабарлағандай, ДДСҰ басшысы халықтың мерекелік басқосуларға бармағанын құп көреді.
«Өліп қалғанша, мейрамнан бас тартқан әлдеқайда жақсы. Сондықтан той тойлап, артынан қайғырғанша, мерекелеуді қоя тұрған дұрыс», – деді ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебреисус Женевадағы брифингте.
Оның айтуынша, жаңа штамм әлдеқайда жылдам таралатындықтан, оны екпе алғандар да, әлсіз адамдардың да жұқтыру қаупі жоғары.
Сонымен қатар, ол биыл COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 2020 жылы АИТВ, безгек және туберкулезден қайтыс болғандар санынан асып түскенін жеткізді.
АҚШ билігі «омикрон» штамы күшейіп келе жатқанын және халықтың төрттен үші жұқтырғанын мәлімдеді. Кеше Техас штатында «омикрон» жұқтырып, қайтыс болған алғашқы қайғылы оқиға тіркелді.