Ағзаға ең керекті минералдар мен витаминдері бар 100 қорап қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді
Алматылық кәсіпкерлер алдыңғы шепте коронавируспен күресіп жүрген дәргерлерге дәрумендер жиынтығын таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ағзаға ең керекті минералдар мен витаминдері бар 100 қорап қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Берілген өнімдер иммунитетті жақсартады, түрлі вирустардан қорғап, денені қалыпқа келтіреді. Мндай кешендер қазір дәрігерлерге таптырмайтын күш береді дейді қалталылар. Олардың сөзінше, коронавирусты жұқтырған адамдарды емдеп жүрген дәрігерлердің еңбегі бағалануы керек.
«Енді біз қазір қиын-қыстау кезінде бей-жай қарамай, күні-түні жұмыс жасап жатқан дәрігерлерімізге көмектесейік деп шешім қабылдадық. Сондықтан да міне өнімдерімізді 100 қорапты міне бүгін дәрігерлерге таратуға алып шықтық. Жалпы біздің өнім белсенді адамдар үшін арналған. Ішінде витаминдер жиынтығы бір айға жеткілікті», – деді жекеменшік компанияның бас директоры Алтынбек МҰСТАФИН.
«Оларға өте қиын. Өкінішке қарай, жағдайы соншалықты жақсы емес. Бәрін түсініп отырмыз. Бұл төтенше жағдай болған соң коронавируспен күресте, менің ойымша, осындай нағыз батылдықты танытып, күні-түні жұмыс істеп жатқан біздің дәрігерлерімізді ойламасақ дұрыс болмайды», – деді кәсіпкер Қайрат ҚҰДАЙБЕРГЕН.