Алматыда мониторинг топ 100 адам жиналған тойды тоқтатты

04.04.2021 04:14

Іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушылар айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылады

стоп-кадр видео

Алматыда мониторинг топ жүз адам жиналған тойды тоқтатты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы Алматы қаласының Алмалы ауданының мониторинг топ өкілдері хабарлады.Іс-шара «Premier hall» банкет залында 3 сәуір күні өткізілген.

Іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушылар айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылады. Алматылықтарды тойларға, банкеттер мен үйлену тойларына бармауға шақырады, өйткені онда коронавирус инфекциясын симптомсыз тасымалдаушылар болуы мүмкін.

Көпшіліктің жиналуымен  өтетін барлық  іс-шараларға тыйым салынғанын естеріңізге  саламыз.