Коронавирус індетінен тағы 4 науқас көз жұмды

04.06.2020 в 04:22

Қазақстан бойынша барлығы 48 адам қайтыс болды

pravda.com.ua

Коронавирус індетінен 4 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

Қарағанды облысы: 1964 жылы туған ер адам,

Атырау облысы: 1964 жылы туған және 1951 жылы туған ер адамдар,

Нұр-Сұлтан қаласы: 1951 жылы туған әйел адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус  инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 48 адам қайтыс болды.