Бұл жазбаны ол твиттердегі парақшасында мәлімдеді
64 жастағы нұр-сұлтандық әйелдің қаза болуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның туған-туысқандарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл жазбаны ол твиттердегі парақшасында мәлімдеді.
«64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды» делінген әлеуметтік желідегі парақшасында.