|
01.02.2021 | 15:14
4314

Алматыға «Спутник V» вакцинасының алғашқы 2050 дозасы жеткізілді

1 ақпан күні таңертең вакцина қаланың сегіз ауданындағы ауруханаларға бөлінеді

Алматыға «Спутник V» вакцинасының алғашқы 2050 дозасы жеткізілді Фото: ДСМ

«Спутник ВИ» вакцинасы Алматыға өткен түнде жеткізілді. Арнайы рейспен келген екпені мамандар қабылдап алып, алдын-ала дайындалған қоймаға апарды. Алғашқы партиямен келген екпенің дозасы 3500. Оның жартысына жуығы Алматы облысындағы ауруханаларға жөнелтілді. Әуежайға мамандармен бірге барған Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын айтсын.

Көптен күткен вакцинаның алғашқы партиясы да Алматыға жеткізілді. Қазір менің ту сыртымда мамандар қорап-қорап тиелген екпелерді ұшақтан түсіріп алып жатыр. Екпе тиелген ұшақ Нұр-Сұлтаннан Алматыға келіп қонды. Еске салайық, Ресейден тиелген вакцина алдымен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілген еді.

Арнайы рейспен жеткізілген вакцинаның Алматыға 3500 дозасы келді. Оның 1450-і Алматы облысына жөнелтілді. Ал, 100-і орталық клиникалық ауруханаға беріледі. Екпенің қалған 1950 дозасы бүгін қаладағы емханаларға таратылды.  

«Көрші елден келген вакцинаны елге жеткізу үшін түрлі авиациялық қызметтерге жүгініп отырмыз. Алдағы уақытта еліміз Қарағандыда өндіріліп жатқан вакцинаны қолданатын боламыз. Отандық екпемен Қазақстанның түкпір-түкпірі толықтай қамтамассыз етіледі. Бұл – екпені жеткізу барысында түрлі көлік шығындарын қазіргіден де айтарлықтай азайтуға мүмкіндік болмақ», – деді қалалық «СҚ-Фармация» ЖШС өкілдігінің басшысы Салтанат Ақышева.

Ұшақпен келген вакциналар сырты арнайы мұздатылған қораппен қапталған. Негізгі ережеге сәйкес, екпе салқын жерде сақталуы керек дейді мамандар.

Әуежайдан келген вакциналар СК-Фармацияға жеткізілді. Екпелердің бәрі де мына бөлмеде сақталады. Бұл – тоңазытқыш. Қазір тоңазытқыш градусы -21 көрсетіп тұр. Негізгі талап бойынша да вакцинаның тұратын жері -20-дан төмен болмауы керек.

Алматыдағы барлық емханалар екпе жасауға толығымен дайын. Ол үшін арнайы бөлмелер мен төсектер, мейірбикелер де бөлінген. Бүгіннен бастап қауіпті індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер, тәртіп сақшылары және оқу орны мен мектептегі ұстаздарға екпе егіле бастайды.  

Ұлағат Арғын, Арсен Сандыбаев, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир