Қазақстанда COVID-19 індетінен қайтыс болғандардың саны 70-ке жетті

13.06.2020 04:54

Тағы 2 науқас көз жұмды

Almaty.tv

Коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

Павлодар облысында 1956 жылы дүниеге келген әйел мен  Маңғыстау облысында 1966 жылы туған ер адам қайтыс болған.

Өлім нәтижесін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 70 адам қайтыс болды:

Нұр-Сұлтан қаласы – 14

Алматы қаласы – 10

Шымкент қаласы – 10

Ақмола облысы – 4

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 3

Қарағанды облысы – 7

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 10

Түркістан облысы – 3