Коронавирус індетінен тағы 5 науқас көз жұмды

19.06.2020 04:55

Қазақстан бойынша барлығы 105 адам қайтыс болды

coronavirus2020.kz

Коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан қаласы: 1988 жылы туған ер адам

Қарағанды облысы: 1956 жылы туған ер азамат

Алматы қаласы: 1962 және 1965 жылдары дүниеге келген ер адамдар

Ақмола облысы: 1980 жылы туған ер азамат.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 105 адам қайтыс болды.