Атырау облысында 84 жастағы әжейді тонаған күдікті ұсталды

09.11.2020 10:04

Оқиға Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған

ашық дереккөз

Атырау облысында 84 жастағы кейуананы тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Оқиға Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған. Кіреберіс есіктің ашық тұрғанын пайдаланып, ер адам біреудің үйіне заңсыз кірген. Бұл кезде үйде әжейден басқа ешкім болмаған. Қылмыскер зейнеткердің алтын сырғаларды жұлып алған. Жедел-тергеу шаралары барысында полицейлер 28 жастағы күдіктіні ұстады. Оның әрекеті ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес (тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған тонау) келеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді өңірдің ПД баспасөз қызыметі.