Қазақ-өзбек шекарасында аса ірі көлемде героин тиеген көлік ұсталды

02.08.2024 13:20

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

ҰҚК

Iрi партиядағы есiрткi контрабандасы арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК шекара қызметі есірткінің рекордтық партиясын шекара арқылы алып өтіп бара жатқанда ұстады.

Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар иісшіл итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі.

Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы — 775 кг.

Табылған есірткінің «қара» нарықтағы құны — 15 млн АҚШ долларынан асады.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

Оқи отырыңыз: Таразда әкімдіктің бірнеше қызметкері мемлекет мүлкін заңсыз жекешелендірген