Өткен тәулікте «102» басқару пультіне небәрі 329 хабарлама келіп түсті
Алматы комендатурасында қаладағы жағдай бойынша жаңа ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Комендатура мәліметінше, террорға қарсы операция басталғаннан бері лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 601 қатысушысы ұсталып, 127 бірлік атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді.
Өткен тәулікте «102» басқару пультіне небәрі 329 хабарлама келіп түсті.
Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 48 дабыл түсті. Барлық хабарлама өңделді.