Алматыда тұрғын үйлер арасында қарумен жүрген ер адам ұсталды

11.07.2022 13:45

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

МИА «Казинформ»

Алматыда тұрғын үйдің ауласында қарумен жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл ақпаратты Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов растады.

«Полицияға сағат 22:00 шамасында 102 пультіне екі рет оқ атқан адам туралы хабарлама түсті. Алатау ауданының «Дарабоз» ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің арасында қарумен жүрген адам ұсталды»,  –  делінген полиция хабарламасында.


«Ер адам ұсталды. 1985 жылы туған М есімді азамат Алматы тұрғыны болып шықты. Алдын ала болжам бойынша, ер адам мұндай қадамға баруға отбасылық жанжал салдарынан бел байлаған.  Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.