Шымкентте 27 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды

01.02.2024 13:46

Оның «темір тұлпары» айыппұл тұрағына қойылды

polisia.kz

Шымкентте «Қорғау» көмегімен миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген Lexus жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ баспасөз қызметі «Қорғау» мегаполис полицейлеріне құқық бұзушыларды анықтауға көмектесіп жатқанын мәлімдеді. Мәселен, өткен дүйсенбіде бағдарлама Тәуке хан даңғылында борышкердің басқаруындағы автокөлік туралы ақпарат берді. Азаматтың 27 миллион теңге көлемінде берешегі бар болып шыққан.

ЖБО кезекшілері көлік құралын ұстауға патрульдік полиция инспекторларын бағыттады. Қала тұрғынына қарызды төлеу қажеттілігі туралы ескертілді, ал оның темір тұлпары айыппұл тұрағына қойылды.

Естеріңізге сала кетсек, «Қорғау» қосымшасын қаланың тәртіп сақшылары 2022 жылдың сәуірде қолдана бастады. Қосымша полицейлерге жалған нөмірлі, сақтандырусыз, іздестірудегі, төленбеген айыппұлдары бар көліктер туралы хабарлай алады. Сонымен қатар аталған бағдарлама жол қозғалысы ережелерін жиі бұзатын қауіпті жүргізушілерді анықтайды.