Үй шатырында атыс қаруын сақтаған тұрғын қамауға алынды

09.09.2022 13:48

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

Polisia.kz.

Тұрғын үй шатырында атыс қаруын сақтаған бәйдібектік тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Күдіктінің айтуынша, ол Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде атыс қаруын тауып алған. Содан, үйінің шатырында сақтаған. Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауға алынды. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның үйінде атыс қаруын заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Түркістан облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері жергілікті тұрғынның үйін тінту кезінде CZ SCORPION маркалы атыс қаруын тауып, тәркіледі. Аталған жайт ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру« бойынша тіркелді» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің бапасөз қызметі таратқан хабарламада.